Өз қайғыларынан қазақтың мүддесін жоғары қойды
Өз қайғыларынан қазақтың мүддесін жоғары қойды

Бұл сурет 1927 жылы Мәскеуде түсірілген...

Қазақ театрын құрған Жұмат Шанин Александр Затаевичпен танысады. Сөйтіп, сол кісінің шақыруымен Жұмат атамыз қазақ делегациясын Мәскеуге концерт беруге алып барған. Делегация құрамында Жұмат Шанин, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Қали Байжанов, Ғаббас Айтбаев, Елубай Өмірзақов, Жанбике Шанина (Жұматтың жұбайы), Дәлилә Оңғарбаева болған.

Дәл осы сапар кезінде Жанбике анамыз жолға құндақтағы 6 айлық нәрестесін де ала шығады. Алайда, сәби жолда қатты ауырып, шетінеп кетеді. Бұл қайғы Жанбике апамызға да, Жұмат атамызға да оңай тимеді. Жанбике жол бойы жылаумен болды. Баланың шетінегенін байқаса, бұларды Мәскеуге қабылдамайды. Содан не керек, бұл концерт қазақ үшін ауадай қажет екенін түсінген біздің мықтыларымыз сәбидің денесін жасыруға тырысады. Елубай Өмірзақов пен Құрманбек Жандарбеков жолдан түсіп қалып, баланы жерлеп, арттарынан келмек болады. Бірақ, бұған Жұмат қарсы болады. Себебі, келісім бойынша бүкіл құрам пойыздан бірге түсу керек.

Содан не керек, бәрі бірге Мәскеуге жетеді. Жанбике өлі сәбиді өтірік әлдилеген болып, пойыздан түседі. Жұмат, Жанбике, Елубай және Құрманбек төртеуі Қазпердке (Мәскеудегі Қазақ өкілдігі) барып, баланы жерлейтін жер сұрайды. Ал қалғандары қонақүйге орналасады.

Сөйтіп, таң атысымен Елубай мен Құрманбек баланы татар зиратына апарып жерлейді. Ал Жұмат пен Жанбике топқа қайта қосылуға мәжбүр болады. Себебі, араларында орысша білетін жалғыз Жұмат екен. Осы кезде Қазақтың өнерпаздарын қарсы алуға Затаевичтің өзі келеді. Бәрі жиналып осы суретке түскен. Елубай мен Құрманбек баланы жерлеуге кеткендіктен, суретке түспей қалған. Қалғанының бәрі осы суретте бар.

Осындай жанқиярлықтың арқасында қазақ өнерін Мәскеуде көрсетілді. Ал шарадан кейін Әміре Қашаубаев Ресейдің атынан Парижде өнер көрсетуге жолдама алған. Кім біледі, егер сол кезде Жұмат пен Жанбике осалдық танытқанда қазақ өнері танылмас па еді? Әміренің Парижге баруы арман болар ма еді? Бұл кісілер өз қайғыларынан қазақтың мүддесін жоғары қойды. Қазақты сүюді солардан үйренуіміз керек екен...

(Бұл оқиға Рымғали Нұрғалиевтің Жұмат Шанин жайлы кітабында жазылған. «Ақ желкен» журналына сұхбат берген Жұмат Шаниннің немересі Болат Шанин де осыны растаған болатын)

Cерікбол ХасанCерікбол Хасан
9 лет назад 6425
4 комментария
  • Қазақтың мүддесін қара бастарынан биік қойған не деген жанкешті адамдар! Мына оқиғаны оқып отырып көзіме жас келді. Тамаша дерек үшін көп рахмет, Серікбол! Жанбике апамыздың кимешегі де әдемі екен :)
    9 лет назад
  • бір суреттің сыры...
    9 лет назад
  • Фейсбуктағы Айжан Хамиттің блогынан да оқып едім.
    Ия өте ауыр жағдайға тап болса да босаңсымай, халықтың мүддесін ойлаған азаматтар.
    100 жылғы жетпейтін уақытта әйелдердің киім кию үлгісі де қатты өзгеріске ұшырағаны да көрініп тұр.
    9 лет назад
  • марқұм рымғали ағаның жақсылығы көп көріп едім
    9 лет назад
О блоге
0
40926 43 66 148 41
Прямой эфир