Өз қайғыларынан қазақтың мүддесін жоғары қойды
Бұл сурет 1927 жылы Мәскеуде түсірілген... Қазақ театрын құрған Жұмат Шанин Александр Затаевичпен танысады. Сөйтіп, сол кісінің шақыруымен Жұмат атамыз қазақ делегациясын Мәскеуге концерт беруге алып барған. Делегация құрамында Жұмат Шанин, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Қали Байжанов, Ғаббас Айтбаев, Елубай Өмірзақов, Жанбике Шанина (Жұматтың жұбайы), Дәлилә Оңғарбаева болған. Дәл осы сапар кезінде Жанбике анамыз жолға құндақтағы 6 айлық нәрестесін де ала шығады. Алайда, сәби жолда қатты ауырып, шетінеп кетеді. Бұл қайғы Жанбике...