Голливуд пайғамбарлармен ойнауды қашан қояды?
Голливуд қазір бүкіл әлем жұртынан бір көрермен жасағысы келіп жанталасып жатыр. Оның киносы бұл халыққа керек пе, оның салт-санасы мен діни танымына қайшы емес пе, оған бас қатырмайды. Оларға бүкіл Батыстың идеологиясын әкеліп құйса болды. Идеологиясын саналарға сіңіргені аздай, содан қалта қампайтудың қамын жасап әлек. Басқасын айтпай-ақ қояйық, Голливуд қазір бүкіл әлем құрметпен қарайтын дін тақырыбын қойыртпақтап бітті. Діни қайраткердің, тұлғаның үстіне қоқыс төңкере салу оларға түк те емес. Оны айтамыз, қазір Голливуд...