Сейіт баба Құлбайұлы
Сейіт баба Құлбайұлы

Сейіт баба Құлбайұлы (1744-1812 жылдар) – Ноғайдың алтаяқ руынан шыққан әулие. Ислам дінінің ғұламасы. Астрахань губерниясы Қызылжар уезіне қарасты Қожатай ауылында туған. 16 жасынан бастап қажылық сапарға аттанған. Мысыр, Бағдат, Бұхарада оқып, Шам, Үндістан жерінде білімін жетілдірген. Елуді еңсергенде елге оралып, Бөкей хандығына тұрақтаған. Қазақ даласына ислам дінін жайған. Заманында Бөкей хан Нұралының жеке дәрігері болды. Сейіт баба туралы Атырау жақта түрлі аңыз айтылады. Қазір екеуінің сүйегі бір маңда – Астрахан жақтағы Кіші арал деген жерде жатыр.

Айтайын дегенім, осы Сейіт бабаның көрегенділігі болмағанда Ресей императоры І Павел мен француз қолбасшысы Наполеон Бонапарт Үндістанды жаулап алар ма еді? Егер Сейіт баба болмағанда 75 жыл ғұмыр сүрген Бөкей хандығы да құрылмас па еді?

Бізде осындай Сейіт баба секілді әулие діндарларымыз болған!

Бабаларымыздың білмеген, таразыламаған нәрсесі жоқ қой!

(Cейіт баба мен Бөкейдің байланысы жайлы мына жерден оқуға болады)

 
әулие, Сейіт баба, Бөкей хан
Cерікбол ХасанCерікбол Хасан
5 жыл бұрын 2734
1 пікір
Блог туралы
0
40926 43 66 148 41