Бүгінгінің мульткейіпкері неге біркөзді? - 2
Бүгінгінің мульткейіпкері неге біркөзді? - 2

(Жалғасы. Басы мына жерде)

Сол сияқты, «Құбыжықтар мен жатжерліктер шайқасы» анимациялық фильмін алайық. Мұнда да кілең құбыжықтар. Фильм негізінен, Сюзан Мерфи деген қыз жайында. Метеориттің астында қалып, алып дәуге айна­лып кетеді. Сөйтіп, әскерилер қызды құпия базаға қамайды. Мұнда Сюзан төрт құбыжықпен бірге қызмет етеді. Осы төртеудің бірі – Б.О.Б. Толық атауы – Бензоат Остилизин Бикарбонат. Шекесінде жалғыз көзі бар, формасыз, қоймалжың, көк түсті тіршілік. Мультфильмде оны қы­за­нақтың генетикалық түрленген, сөйтіп, химикалиймен араласқан химиялық түрі деп түсіндіреді. Былайша айтқанда, ғалымдардың сәтсіз тәжірибесінің нәтижесі. Сөйте тұра, Б.О.Б-ты жеңу мүм­кін емес. Тамақсаулығы тағы бар. Жолында кездескеннің бәрін жұтады. Басында ми жоқ бола тұра, ақылды. Оны компанияның жүрегі деп те атайды. Бірақ шын­ды­ғында, жүрегі де жоқ. Не миы, не жүрегі жоқ құбыжықтың асқан шеберлікпен шайқасатынын қа­лай түсінуге болады? Бұл балалар­дың ақыл-ойын шектеу, жаңы­лыс­тыру. Не биологиялық, не физикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейтін жалғыз көзді сұйықтықтың әрекетіне кім сенеді? Бірақ біреулерге осылайша жоқ­тан бар жасап, балалардың басын қатырған тиімді болып тұрғанға ұқсайды. 
Сол секілді Walt Disney Pictures компаниясы шығарған «Ле­рой мен Стич» деген мультсериал бар. Осындағы Гляделкинс, Уэстли деген кейіпкерлер жал­ғыз көзді. Гляделкинс – Злыдня лордының бас шабарманы, барлаушылардың бас командирі, ал Уэстли – ең әлсіз, бірақ ақылды барлаушы. Гляделкинстің денесі адамға келіңкірейді, бірақ бас орнында үлкен көз ғана бар. Мульт­фильмдегі барлаушы­лар­дың бәрінің де тұрқы осындай. Баста­рына найзағай бейнелі дулыға киеді. Гляделкинс – қа­һарлы да зұлым кейіпкер. Оның бар ойы – бүкіл әлемді жаулап алу. «Футу­рама» фантастикалық мультсе­риалында да осындай жағдай. Оқиға XXXI ғасырдағы Нью-Йорктегі жағдай бойынша өрбиді. Пицца тасымалдаушы Фрай деген жігіт 2000 жылы криогенді ка­мерада мұз болып қатып қалып, арада 999 жыл өткенде аман шығады. Сол кезде Фрайдың ең ал­ғашқы көрген адамы – жалғыз ­көзді мутант-қыз Туранга Лила болды. Лила – мультсериалдағы негізгі әйел бей­не. Физикалық ауытқушылаққа ұшыраған. «Planet Express» фир­ма­сының курьерлік кемесінің ка­питаны. Алайда Лила үлгі алуға тұрарлық кейіпкер емес. Себебі мультсериалда Фрай­мен сүйісе­тін, Бранниган­мен, Шэтнермен төсектес бо­латын көріністер бар. Ал осыны көрген баланың мінез-құлқы қалай өзгеретінін өзіңіз-ақ ойлай беріңіз.
Америкалықтар жақында «Миньон­дар» атты анимациялық комедия шығарды. Мұнда миньондардың қалай дүниеге келгені айтылады. Миньондар – алаңғасар құбыжықтар. Сондай алаңғасарлығының кесірінен айналасына зиянын тигізеді де жүреді. Мультфильмде олардың тираннозаврды, үңгір адамын, мысыр перғауынын, Дракула мен Наполеонды «абайсызда» өлтіріп алғаны баяндалады. Алайда сол қылмыстары үшін жазаланбайды. Керісінше, олардың осы әрекетін күлкілі комедияға айналдырып жасырған. Бұл не деген сөз? Бала­ларға сөзсіз қателікке бой алды­руға, қылмыс жасауға болады екен деген ой қалыптастырады. Бір қызығы, осы мультфильмде миньондар әртүрлі етіп суреттел­ген. Көбі – екікөзді, бірақ ара­ларында жалғыз көзді миньондар да бар. Мысалы, Стюарт деген миньонның бір ғана көзі бар. Оның да Б.О.Б секілді бар ойла­ғаны – тамақ. Қасындағы доста­рын банан екен деп жеп қоя жаздайды. Наполеонды зеңбі­рекпен жарып жіберген де осы Стюарт. 
Мұндағы Карл атты миньон да біркөзді. Оның да бір басына же­терлік қылықтары бар. Негізінде, миньондардың қай-қайсысы да зұлымдық жасағанды жақсы кө­реді. Ұрлық-қарлыққа әуес. Яғни жамандық жасау арқылы жандары жай табады. 
Жалпы алғанда, біз көріп жүрген бүгінгінің біркөзді мульт­кейіпкерлерінің қай-қайсы­сының да оңғаны жоқ. Шеттері­нен қа­тыгез, қаныпезер. Өзге­лерге үне­мі зиянын тигізеді. От­басы құн­дылықтарын құрмет­те­мейді. Әдеп­сіздік танытады. Діттеген мақсатқа оңай жеткісі келеді. Біркөзді кейіпкерлердің мінез-құлықтары да нашар. Сюжет бойынша ешқайсысы жасаған қыл­мысының жазасын тартпай­ды. Керісінше, қате үстіне қате жамап, күнә үстіне күнә қосады. Сонысымен қоймай, бәрі де атақ­ты, бай болуға ұмтылады. Тағы бір байқағанымыз, біркөзді кейіп­кер­лердің жынысында ауытқу­шылық бар. Ерлері өздерін әйел­дерше, әйелдері ерлерше ұстайды. Түрлерінің өздері адам көргісіз, сүйкімсіз. Мұндай бей­нені көрген баланың психикасы, қабылдауы өзгеруі мүмкін. Соңында ненің жақсы, ненің жаман екенін ажы­ратудан қалады. Осыны көрген бала ертең ата-анасына қарсы шығып, есейгенде қоғамға да зиянын тигізуі ғажап емес.
Тағы бір ескере жүретін нәрсе, біз мысалға келтірген мульт­фильм­дердің барлығы да – америкалықтардың өнімі. Соған қарағанда, америкалықтар әлем балаларының санасын осындай құбыжықтарымен жаулауға көшкендей. Негізінде, біркөзді құбыжық – масондардың құдайы. Олар екі ғасырдан бері әлемді уысында ұстау үшін әрекет етуде. Басты мақсаттары – адамның сана-сезімін басқару. Сөйтіп, адамдардың санасын бұру арқылы әлемді жауламақ. Сондықтан біркөзді мульт­кейіп­керлерді масондық ұйым­дардың ісі деуге толық негіз бар. Ал христиан, ислам дінінде та­жал­дың (анти­христ, даджал) сипаты біркөзді екені айтылған. Қасиетті кітап­тарда тажалдың өтірікші, ша­тыс­тырушы, алаяқ екені жазылған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ха­дисінде тажалды: «Шын мәнінде тажал – қысқа бойлы, қисық аяқты, бұйра шашы бар, бір көзді» (Әбу Дәуд) деп суреттеген. Енді жоғарыда аты айтылған біркөзді кейіп­кер­лерді тажалмен салыс­тырайықшы. Көбінің бойы қыс­қа, бұты қисық. Шекесінде бады­райған бір көзі бар. Зер салып қараған адамның көз алдына бірден тажалдың бейнесі келеді. Бұрынғылар «Қиямет күні жа­қындағанда, әр үйді бір көзді дию басқарады» дейді екен. Айтқаны айдай келіп отырған жоқ па? Балаларымызды, тіпті өзімізді осы біркөзділер басқарып отыр­мағанына кім кепіл. Ойла­найықшы!

мультфильм, Біркөзді, Тажал, Кейіпкер
Cерікбол ХасанCерікбол Хасан
5 жыл бұрын 2841
3 пікір
  • Секе, бірде-бір мультфильмді мүлт жібермейді екенсіз ғой ))).
    5 жыл бұрын
  • анимацияны түзеу керек
    5 жыл бұрын
  • кез-келген саланың өсіп жетілуіне менеджерлердің атқарар рөлі басым. Сол секілді кино туралы заңы жоқ біздің елде мультфильмді дамытудың реті болмай тұр қазіргі таңда. Министрлікқолға алды осы бастаманы. Бізді арнайықұрылған комиссияға да енгізді. Ендігібасқосудыкүтіп отырмыз. Алла амандығын берсе бұл олқылықтарды реттейміз деймін. Бұйыртсын!
    5 жыл бұрын
Блог туралы
0
40926 43 66 148 41