Бүгінгінің мульткейіпкері неге біркөзді?
Бүгінгінің мульткейіпкері неге біркөзді?

Біркөзділер туралы айтқанда, бірден ежелгі грек мифологиясындағы циклоптар ойға оралады. Гомердің «Одиссейі» естеріңізде ме? Одиссей Полиф деген циклоппен шайқасып, жалғыз көзін ағызып жіберуші еді ғой. Алайда біркөзділер біздер үшін де жат емес екен. Геродот аримаспылар деген біркөзді қауымның болғанын жазған. Тарихтың атасы оларды қазіргі Қазақстанның солтүстік-шығысын скифтерден тарқатады. Белгілі саяхатшы Тур Хейердал да скандинавтардың жалғыз көзді құдайы Одинде скифтің қаны бар деген. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың ортасында олар Қара теңіз жағалауына барып қоныстаныпты. Содан болар, жалғыз көзді дәулер қазақтың аңыз-ертегілерінде көп кездеседі. Қорқыт ата кітабында да Тепегөз деген біркөзді дәулердің болғаны жазылған. Қазақ дүниетанымында жалғыз көзді дәулер адам аяғы баспаған жерлерді мекендейді деп сенген. Дәулерді алып денелі, жалғыз көзді, түкті құбыжық кейпінде елестеткен. Үңгірде өмір сүретін, адам етін жейтін қара күш иесі, қатыгез кейіпкер деп білген. Ал парсылар жалғыз көзді құбыжықтарды ібілістің бір түрі деп санаған. Міне, осы ібіліске ұқсас бұрынғының мифологиялық кейіпкері бүгін мультфильм кейіпкеріне айналды. Мысалы, «Спанч Боб», «Құбыжықтар корпорациясы», «Құбыжықтар мен жатжерліктер шайқасы», «Миньондар», «Лерой мен Стич», «Футурама» секілді мультфильмдердің бәрінде біркөзді кейіпкерлер бар. Былай қарағанда, оғаш ештеңесі жоқ, қиялдан құралған құбыжық қана секілді. Бірақ осы біркөзді кейіпкерлердің балаларымыздың санасын ұрлап жатқаны анық.

1999 жылы «Nickelodeon» телеарнасы шығарған «Спанч Боб» мультфильмін балалардың бәрі біледі. Осында Шелдон Планк­тон деген біркөзді кішкен­тай кейіпкер бар. Өзі биттің қабығындай бола тұрса да, бір басына жетерлік қулығы бар. Планктонның бар білгені – Мис­тер Крабстың кәсібін тартып алу. Негізінде, Планктон мен Крабс бұрын ажырамас дос болған. Планктонның «Чам Бакет» мейрамханасы бар. Алайда өзінікіне қарағанда досы Крабстың мей­рам­ханасынан қонақтар үзіл­мейді. Сөйтіп, ішін қызғаныш қарып, Крабстың крабсбургер дайындау құпия формуласын қолды қылуға әрекеттенеді. Осылайша Крабсты тақырға отырғызып, мейрамханасын тар­тып алмақ болады. Планктонның іші қызғаныш пен кекке толы. Өз мақсатына басқаларды алдаумен жет­кісі келеді. Ал осыны көрген бала Планктонның әлгі қасиетін жұқтырып алмасына кім кепіл? Ол да ертең біреудің ақысын жегіш, өзгенің ала жібін аттағыш, қызғаншақ болып тәрбиеленсе, оған кінәлі осы мультфильм. Мультфильм дейміз-ау, дұрысы «балам тыныш отырса болды» деп телеарна алдына телміртіп қойған ата-ана кінәлі. Жалпы алғанда, «Спанч Боб» мультфильмі кейіп­керлерінің дені дұрысы жоқ. Ба­ла­ларды алаңғасарлыққа, бұзақы­лыққа тәрбиелейді, мінез-құлқын бұзады. Мультфильмде гомо­сексуализмнің де ұшқыны бар. Мысалы, Боб пен Патрик (екеуі де ер) бірге қол ұстасып жүреді, бір төсекте жатады. Тіпті бір сериясында екеуі бірлесіп (бірі әкесі, бірі шешесі болып) бір жәндікті асырап алатыны тағы бар. Осыны ескерген біздің Бала­лардың құқығын қорғау комитеті бір кездері «Спанч Боб» мульт­фильмін арналардан көрсетпеу керек деп жар салып еді. Онысы­нан ештеңе өнбеді, ешкім құлақ аспады. Тіпті қас қылғандай телеарналар таңды таңға ұрып қайталап беріп жатыр. Соған қарағанда, біздікілер баласының болашағына бас қатырғысы келмейтін сияқты.
2002 жылы Disney студиясы «Құбыжықтар корпорациясы» мультфильмін өмірге әкелді. 2013 жылы «Құбыжықтар универси­теті» деген тағы бір сериясы шықты. Мультфильмнің желісі Монстрополис деген параллельді әлемді мекендейтін құбыжықтар жайында өрбиді. Олар балалардың қорқып шыңғырған дауысынан өздеріне қажетті электрэнер­гиясын алады. Құбыжықтардың негізгі мақсаты да осы – бала­ларды қорқыту. Мультфильмде негізінен, екі кейіпкер бар. Бірі – қорқытудың хас шебері Джеймс Салливан және оның көмекшісі Майк Вазовский. 

Вазовский аласа бойлы, жал­ғыз көзді құбыжық ретінде сурет­теледі. Басында кішкене мүйізі, қол-аяғы бар. Денесі түгелдей бас іспетті. Вазовскийді мейірімді кейіпкер етіп көрсетуге тырысқан. Осылайша, біркөзді құбыжық­тарды балалардың санасына қорқынышты емес, сүйкімді кейіп­кер етіп сіңіруді мақсат тұт­қан. «Құбыжықтар корпорация­сында» Вазовский көбіне өзімшіл, өзін-өзі жақсы көргіш ретінде көрі­неді. Бүкіл әлемге танымал болғысы келеді. Буды (кішкентай қыз) тезірек үйіне аттандырып, Саллиден іргесін аулақ етуді қалайды. Мұнда да қызғаныштың қызыл иті арсалаңдап жүр. Көп сөй­лейді, жиі ашуланады. Мақ­таншақтығы да бар. Өйткені өзінің кішкентай машинасын басқаларға мақтанамын деп быт-шытын шығарған. Алайда өзін өзгелерге жаны ашығыш, мейі­рім­ді етіп көрсеткісі келеді. Ва­зов­ский мен Саллидің қарым-қатынасында да гомосексуализмнің ұшқыны байқалады. Алайда мультфильмде Вазов­скийге ғашық бір кейіпкер бар. Ол – Селия. Ол да жалғыз көзді құбыжық. Шаш орнында жыланы бар медуза. Вазовскийдің түсінің жасыл, басында мүйізі болуы да ойландырады екен. Мұсылмандар үшін жасыл түс – қасиетті, ал мүйізді ібіліс, жалғыз көзді тажал – қаскөйлер. Кім біледі, мульт­фильм­дегі жалғыз көзді құбы­жықтар тажал мен ібілістің кіш­кене көшірмелері болуы да мүм­кін ғой. Олар талай баланы теледидар алдына үйіріп қойып, оп-оңай «тәрбиелеп» отыр. 

(Жалғасы мына жерде)

мультфильм, Біркөзді, Тажал
Cерікбол ХасанCерікбол Хасан
5 жыл бұрын 3091
4 пікір
  • сананы улау осы заманғы саяси технологияға айналды
    5 жыл бұрын
  • Сионистер, иллюминант дегендердің символдары жалғыз көз екен. Ал дәжжалдың жалғыз көзді болып келетіні исламда белгілі.
    5 жыл бұрын
  • жалғыз көзде нең бар, батыс бәрін шешіп қойған осындай ойға әкелу үшін, исламда бәрі айтылып қойған
    5 жыл бұрын
  • Ақша үшін сатылатын "экранбашыларын" ауыстыратын кез келді. Экран түзелмей бала түзелмейді. Ұрпақ жоғалтудамыз. Ұлтымыз үшін экран арқылы мақтанады да дастархан басында керісінше сөйлейтіндерді көріп, құлағым естіп жүр. Біздің елде жүзден астам иультфильм маманы бар, бірақ мультфиьм жасап жүргендер "рекламщиктер". Журналистикада бірнеше мың журналистер бар, бірақ хабар жүргізушлер "квнщиктер". Бұдан айтарым Марк Азовский балаларымызға емес ,ересектердің санасына кіріп кеткені. Жарайсың Әмерика! Білесің адамды надан етуді. Әмериканы жамандамай солардан үйрену керек. Оларда ұлт жоқ, бізде бар. Осы барымыз үшін мақтан етіп іс жасасақ мұндай мақалалар жазылмас еді. "Экранбашыларын" қатаң байқаудан өткізіп барып тағайындаса. Экранды түзейік ағайын.
    5 жыл бұрын
Блог туралы
0
40926 43 66 148 41